SIM-карталарды енді ұялы байланыс операторлары ғана сатады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күресу үшін SIM-карталарды сату тәртібі өзгереді. Енді оларды тек ұялы байланыс операторлары ғана сата алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тиісті бұйрық дайындады. Бұйрық

Соңғы уақытта соңғы пайдаланушыны сәйкестендірмей тіркелген SIM-карталар арқылы жасалатын интернет-алаяқтық көбейіп кетті. Мұндай карталар көбіне дистрибьюторлар мен дилерлер арқылы сатылып келген. Алаяқтар бұл нөмірлерді түрлі айламен пайдаланып, ауыстырылатын немесе шетелдік нөмірлермен бірге қолданады. Мұндай тәсілдер тергеуді қиындатып, қылмыскерлердің жазадан сытылып кетуіне жол ашады. Құжат 23 мамырға дейін ашық талқыда болады.

Жаңа ереже енгізілгеннен кейін, SIM-карталарды тек мобильді операторлар сатады. Бұл шара SIM-карталардың тіркелуін нақты бақылауға, жеке тұлғаларды сәйкестендірусіз сату мүмкіндігін жоюға бағытталған.

Сонымен қатарбайланыс операторларына арнайы байланыс орталықтарын құру міндеті жүктеледі. Бұл орталықтарда азаматтар күмәнді қоңыраулар немесе алаяқтық әрекеттер туралы тез хабарлай алады. Мұндай хабарламалар негізінде операторлар күдікті нөмірлерді тексеріп, қажет болса бұғаттай алады.

Бұған дейін сала министрі Жаслан Мәдиев Мәжілісте SIM-картаны қолдануға қатысты заң жобасы қаралып жатқанын айқан. Заң күшіне енсе, 10-нан көп SIM-карта сатып алатын адамдардан оны қолдану мақсаты сұралатын болатын.

Жақында EGov мобильдік қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды. Енді атыңыз бен құрылғыңызда қанша SIM-карта тіркелгенін білуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз