Қытай мен Ресей айға электр станциясын салмақ

Қытай мен Ресей айға электр станциясын салу бойынша ынтымақтасатын болды. Құжатқа екі елдің басшылары қол қоюы тиіс.
Интерфакс ақпаратына қарағанда, «Роскосмос» пен Қытайдың Ұлттық ғарыш әкімшілігі Айдағы электр станциясын құру жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
«Меморандум бүгін Ресей Президенті Владимир Путин мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин арасындағы кездесудің қорытындысы бойынша қол қойылған құжаттар тізіміне енгізілді», – делінген «Роскосмос» мәлімдемесінде.
Екі елдің басшылары бүгін келіссөз өткізіп жатыр.
«Роскосмостың» айтуынша, ресейлік электр станциясы 2036 жылға дейін құрылуы жоспарланған Халықаралық Ғылыми Ай станциясы жобасына маңызды үлес болмақ.
«Станцияда іргелі ғарыштық зерттеулер жүргізіліп, Халықаралық ғылыми ай стансасы ұзақ мерзімді ұшқышсыз пайдалану технологиялары сыналады. Болашақта Айда адамның болуы мүмкін», – делінген хабарламада.
Ай станциясын салу жобасына қазірдің өзінде 13 ел қосылған.
Мұның алдында Туризм министрлігі зымыранның ұшқанын көру үшін Байқоңырға арнайы келетін туристердің саны артқанын хабарлаған болатын.