Путин Қазақстан президентіне Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кемел Тоқаев Совет одағының батыры атағына ұсынылған / фото: Ақорда
Кемел Тоқаев Совет одағының батыры атағына ұсынылған / фото: Ақорда

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше сый жасады.

Ол Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады.

Құжатқа сәйкес, ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ берілмеген.

Кемел Тоқаев Польша аумағындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталған.

Сондай-ақ оқыңыз