2025 жылы Toyota пайдасы 21%-ға төмендеуі мүмкін

2025 жылы Toyota Motor Corp. пайдасының едәуір азаюын күтуде. Бұл болжамға АҚШ-тағы жаңа тарифтер, шикізат бағасының өсуі мен валюта бағамдарының құбылмалығы себеп болып отыр. Автокөлік сатылымының өскеніне қарамастан, компания жаһандық стратегиясына әсер етуі мүмкін қаржылық қиындықтарға тап болды.
Пайданың төмендеуінің негізгі себептері
Toyota компаниясы биылғы қаржы жылында таза пайдасының 21%-ға төмендеуі мүмкін екенін хабарлады. Бұған бірнеше негізгі фактор әсер етуі ықтимал. Атап айтқанда:
Бірінші, АҚШ-тағы жаңа тарифтер: АҚШ-тың импорттық көліктерге 25% кедендік баж енгізуі Toyota-ға тек сәуір мен мамыр айларында 180 млрд иенге (шамамен 1,25 млрд доллар) шығын келтіруі мүмкін.
Екінші, валюта бағамдарының ауытқуы: иеннің нығаюы, әсіресе, шикізат пен компоненттердің қымбаттауымен бірге, экспорттық табысқа қысым түсіреді.
Үшінші, шикізат құнының өсуі: бөлшектердің қымбаттауы компанияның қаржылық көрсеткіштеріне теріс әсер етуде.
Toyota-ның қиындықтарға реакциясы
Қазіргі қиындықтарға қарамастан, Toyota нарықтағы өзгерістерге бейімделу үшін мынадай қадамдар жасап жатыр:
- Өндіруші Жапониядағы өндірісті сақтап қалу таралы шешім қабылдады. Авто алпауыт бас директоры Кодзи Сато ішкі өндірісті жаппай, жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті, тіпті сыртқы экономикалық қысымдарға қарамастан, осындай шешім қабылдауды ұсынды.
- Өндірістік процестерді бейімдеу туралы шешім қабылданды. Компания RAV4 сияқты кейбір модельдердің өндірісін АҚШ-қа көшіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл тарифтік және валюталық тәуекелдерді азайту үшін жасалуда.
- Болашаққа инвестициялар салынады. Toyota 1,7 триллион иенді жасанды интеллект, бағдарламалық қамтамасыз ету және жеткізушілерді қолдауға бағыттауды жоспарлап отыр. Бұл нарықтағы позициясын нығайтудың жолы ретінде қарастырылып отыр.
Болашағы мен стратегиясы
Пайда көлемінің төмендеуіне қарамастан, Toyota 2024 жылы 10,8 млн автокөлік сатып, әлемдік нарықтағы көшбасшылығын сақтап қалды. Компания Prius пен Camry Hybrid сияқты модельдерге сұраныстың тұрақтылығын ескеріп, гибрид технологиясына басымдық беріп отыр.
Қытайдың электромобиль өндірушілері тарапынан күшейіп келе жатқан бәсекелестік жағдайында, Toyota көпвекторлы стратегияны ұстануда. Бұл стратегия дәстүрлі, гибридті және электрлік технологияларды үйлестіруді көздейді. Мұндай тәсіл тұтынушылық сұраныстың өзгеруіне икемді әрекет етуге мүмкіндік береді.
Toyota 2025 жылы елеулі қаржылық қиындықтарға тап болуда, алайда нарықтағы позициясын сақтап қалу үшін белсенді шаралар қабылдауда. Технологияға салынған инвестициялар, өндірісті бейімдеу және гибрид модельдерге назар аудару компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді және болашақтағы өзгерістерге дайын болуға мүмкіндік береді.
Айта кететіні, 2024 жылдың 31 наурызында аяқталған қаржы жылында автоконцерн таза пайдасы 4,94 трлн иен болған. Ал болжамға сәйкес биыл бұл көрсеткіш 3,57 трлн иенге дейін төмендемек.
Еске сала кетсек, аталға компания 2026 жылы Camry-дің тоғызыншы буыны негізінде жаңа Nightshade Edition моделін таныстыратынын хабарлады.