Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалады

Маусым айында қазақстандықтарға Құрбан айттың құрметіне қосымша демалыс күндері беріледі.
Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді. Бұл күнді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі діни мамандардың ұсынысы негізінде бекітті.
Демалыс күндерінің кестесі жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты болады:
Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 6, 7 және 8 маусым (жұма, сенбі, жексенбі) – демалыс күндері болады. Осылайша, көпшілік азаматтарға толыққанды үш күндік демалыс беріледі.
Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін: 6 маусым (жұма) және 8 маусым (жексенбі) – демалыс. 7 маусым (сенбі) – жұмыс күні болып қала береді.
Құрбан айт күні ресми мейрам болғанымен, ол басқа күнге ауыстырылмайды. Яғни, егер мереке демалыс күніне түссе, қосымша демалыс берілмейді. Алайда 2025 жылғы күнтізбе қазақстандықтарға демалуға және отбасымен бас қосуға қолайлы мүмкіндік сыйлап отыр.
Құрбан айт Рамазан айында ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Жыл сайын мереке күні күнтізбеге сәйкес, шамамен 10 күн алға жылжып отырады. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «құрбандық шалу» дегенді білдіреді. Мерекеде ұсақ малды құрбандыққа шалып, мұқтаж жандарға таратып беру қажет. Үш күн қатарынан болатын айтта алыс-жақындағы мұсылман қауымның үйіне барып, олардың дастарқанынан дәм татады.