Зорлық жасады деген күдікпен ауыл әкімі ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды
Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды

Зорлық жасады деген күдікпен Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Ақшатау ауылының әкімі Нұрлан Сейілбеков қамауға алынды.

«Патриот» басылымы хабарлауынша, полиция оны кеше күндіз ұстаған. Қарағанды облыстық сотының сот алқасы оған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде «қамауда ұстау» санкциясын берген. Бұған дейін қолданылған «үйқамақ» бұлтартпау шарасы заңсыз деп танылып, күшін жойды.

Қылмыстық іс тергеліп жатқан уақыт аралығында Нұрлан Сейілбеков тергеу изоляторында болады. Оған зорлық жасады деген күдік тағылып отыр.

Айта кететін жайт, Қарағанды қаласының 23 жастағы тұрғынының ата-анасы жүгінген. Олар ауыл әкімі ұсталмағанына, үйінде еркін жүргеніне наразылық білдірген. Ата-анасының айтуынша, Ақшатау ауылының әкімі 2024 жылдың қаңтарында, қыздары ауыл әкімдігінде жұмыс істеп жүрген кезде, оған зорлық жасаған. Ал биыл 3 мамыр күні сол ауылда тағы да соққыға жыққан.

Қазіргі уақытта жәбірленуші қыз Қарағандыдағы ауруханада ем қабылдап жатыр.

Мұның алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Саян Ахметжанов Шымкент шенеунігінің жиналыс үстінде ұсталуына қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ оқыңыз