Turkish Airlines енді тым шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Turkish Airlines енді тым шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады
Turkish Airlines енді тым шыдамсыз жолаушыларға айыппұл салады

Түркия Азаматтық авиациясының Бас басқармасы (SHGM) ұшақ толық тоқтамай, «Белдікті тағу» белгісі өшпей тұрып орнынан тұратын жолаушыларды бұзақылармен теңестіріліп, оларға айыппұл салатын ереже қабылдады.

Ережеге сай, бортсеріктердің нұсқауын елемеу және экипаждың рұқсатынсыз жүк сөрелерін ашу да ережені бұзу ретінде қарастырылады.

Айыппұл мөлшері әзірге нақтыланбағанымен, Turkish Airlines заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын атап өтті.

Әуекомпанияның ішкі бұйрығына сәйкес, ұшақ жерге қонғаннан кейін стюардтар қосымша хабарландыру жасайды. Экипаж жолаушыларға ережелерді жұмсақ, бірақ талап қоя отырып еске салып, тәртіп бұзылған жағдайда оқиғаларды тіркеп, кейінгі тергеу үшін сақтайды.

Turkish Airlines өкілінің айтуынша, бастама ұшақ ішіндегі тәртіпті сақтаудан бөлек, жарақат алу жағдайларын азайтуға бағытталған.

«Ұшақ жылдам қозғалғанда немесе жүк сөрелері ерте ашылғанда жүк құлап, жарақат алу жағдайлары жиі тіркеледі. Біз осы қауіптерді барынша азайтуды көздеп отырмыз», – деді тасымалдаушы өкілі.

Turkish Airlines ереже бұзушыларға қаржылық санкцияларды жүйелі түрде енгізетін алғашқы авиакомпаниялардың бірі болып отыр. Басқа тасымалдаушылар оның тәжірибесін қолдануы мүмкін деп күтілуде.

Бұған дейін, жасөспірім ұшақтағы қалжыңы үшін 20 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін екені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз