Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерді жандандырады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерді жандандырады
Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерді жандандырады/Фото: Air Astana

Air Astana әуекомпаниясы 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы KC 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін жандандырады.

Рейстер бұрынғы бағыт пен кесте бойынша орындалады.

Сондай-ақ, 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша жүзеге асырылады.

Рейстердің мәртебесін әуе компаниясының сайтынан тексеруге болады.

Air Astana Үндістанға ұшатын рейстерді 8 мамырда тоқтатқан. Оған Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстан кейінгі әуе қақтығыстарындағы ахуал себеп болған.

Ал түркиялық Turkish Airlines әуе компаниясы енді ұшақ толық тоқтамай, орнынан тұратын жолаушыларға айыппұл салатын ереже қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз