Тараз әкімінің орынбасары болған Нұрбол Қалдыбаев 4 жылға сотталды

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрбол Қалдыбаев 4 жылға сотталды, деп хабарлайды KursivMedia.
О. Ерболатұлы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), Нұрбол Қалдыбаев ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы) сотқа тартылған. Қылмыстық іс Тараз қаласының № 2 сотында қаралған.
Тараз соты Ерболатұлының Тараз әкімдігінің мемлекеттік тендер бойынша 3 бес қабатты үй салумен айналысып, құрылысты аяқтамаған және объектілер бойынша құрылыстың аяқталғандығы туралы жалған актілер жасағанын анықтады.
«Лауазымды тұлға Нұрбол Қалдыбаев қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, Ерболатұлына 519 млн теңгеден астам бюджет қаражатын аудару үшін негіз болған осы актілерге қол қойған. Келтірілген залал ішінара құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу арқылы өтелді, ал өтелмеген залал сомасы 137 млн теңгеден астам соманы құрайды.
Оның ішінде Ерболатұлының қылмыстық әрекетінің салдарынан келтірілген залал сомасы 104,8 млн теңгені, ал екі сотталғанның ортақ қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген залал сомасы – 32,8 млн теңге.», – делінген ақпаратта.
Сотталушы Ерболатұлы кінәсін мойындады, ал Қалдыбаев мойындамады.
Сот үкімімен Ерболатұлы 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Нұрбол Қалдыбаев белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 4 жылға сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Нұрбол Қалдыбаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары қызметіне 2022 жылдың шілдесінде кіріскен. Оның ұсталғаны туралы ақпарат 2023 жылдың желтоқсанында тарады.