KIA Sportage, K5, Cerato-ны қалай 4%-бен алуға болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
KIA Sportage, K5, Cerato-ны қалай 4%-бен алуға болады
KIA Sportage, K5, Cerato-ны қалай 4%-бен алуға болады/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

KursivMedia отандық автонарықта көп сатылатын брендтер ұсынып отырған тиімді шарттарға шолу жасауды жалғастырады. Бұл жолы ұдайы үздік үштіктен табылатын корейлік бренд KIA бағдарламаларын сөз етеміз.

Sportage

Sportage аталған брендтің елдегі ең танымал моделі. Қазақстан автокөлік қауымдастығының дерегінше, наурыз айында бұл үлгінің 1090 данасы иесін тапқан.

KIA-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторларының бірі Allur дилерлік орталығында Sportage-дің базалық жиынтығы 15 млн 590 мың теңгеден басталады.

Көлікті 7 жылға дейін 4%-дан 12,5%-ға дейін несиеге алуға болады. Мұндағы пайыздық мөлшерлеме алғашқы жарнаның көлеміне тікелей байланысты.

Бастапқы жарна 10-29,9% аралығында болса, көлік 12,5 пайызбен рәсімделеді. 7 жылға айлық төлем 252 768 – 224 683 аралығын құрайды.

Алғашқы жарна ретінде бірден 30-49,9% құйсаңыз, мөлшелеме 9 болады. 7 жылға айына 176 273 – 151 091 теңгеден шығады.

Ал енді көлік құнының жартысын салған жағдайда, 4%-бен алуға мүмкін туады. Мұнда 7 жылға ай сайын 106 мыңнан төлейсіз.

Бұның бәрі Forte банкі ұсынған бағдарламалар. Ал көлік құнының жартысын құйып, қалғанын 1-2 жылда жауып тастауға шамаңыз жетсе, Halyk банкінің шарттары қолайлы. 24 айға дейін 0,1 пайызбен бөліп төлеуге болады.

K5

Kia-ның аталған бизнес седанына ұсынылған шарттар да, оның бағасы да жоғарыдағыдай. Алғашқы жарнаға қарай, 7 жылға айлық төлем мөлшері төмендегідей болады.

10-29,9% –  252 768 тг (12.5%%)

30-49,9% – 176 273 тг (9%)

50% – 106 748 тг (4%)

K8

Премиум класс седанының құны 24 млн 390 мың теңгеден жоғары..

10-29,9% – 395 447 тг (12.5%%)

30-49,9% – 275 773 тг (9%)

50% – 163 003 тг (4%)

Cerato

Орташа класс седаны – 12 млн 490 мың теңгеден бастап.

10-29,9% – 202 506 тг (12.5%)

30-49,9% – 141 122 тг (9%)

50% – 85 521 тг (4%)

Seltos

Шағын кроссовер – 13 млн 590 мың теңгеден бастап

10-29,9% – 220 341 тг (12.5%)

30-49,9% – 153 660 тг (9%)

50% – 93 053 тг (4%)

Ceed

Ықшам хэтчбек 12 млн 90 мың теңгеден жоғары

10-29,9% – 196 021 тг (12.5%)

30-49,9% – 135 699 тг (9%)

50% – 82 783 тг (4%)

Бұған дейін сатылым лидерлері Hyundai мен Chevrolet-нің тиімді шарттарын шолып шыққанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз