350 отандық бренд бір жерде: тегін көрме, сыйлықтар, шоу – бәрі Ulttyq Ónim-де

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: «Даму» қоры

16-18 мамыр аралығында Астанадағы EXPО-да жыл сайынғы VIII Ulttyq ónim көрмесі өтеді. 350-ге жуық қазақстандық бренд жиналып, келушілерге өз өнімдерін ұсынады. Тағам, жеңіл және химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрал-жабдықтар мен зергерлік бұйымдарға дейін осы көрмеден табуға болады.

Қатысушылар арасында «Гормолзавод», Aq Dam ұлттық тәттілері, Galamilk, белсенді демалыс пен туризмге арналған киім және жабдықтар өндірушісі Altay Outwear, зергерлік бұйымдар бренді Balausa Jewelry, аккумулятор батареяларын шығаратын «Кайнар АКБ» ЖШС, дезинфекциялаушы, косметикалық және жуғыш құралдарды шығаратын көшбасшы – «Аврора» компаниясы да бар.

Көрме қалай өтеді?

Ulttyq ónim шарасы кезінде отандық кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар болады. Оған Қазақстанның және шетелдің жетекші спикерлері қатысады.

Көрме барысында «Халық Таңдауы» атты арнайы байқау да өтеді. Отандық дизайнерлердің сән топтамалары ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің шеберлік сабақтарын тыңдауға болады. Келушілер арасында сыйлықтар ұтысы және концерттік бағдарлама да өтеді.

Ulttyq ónim көрмесі жыл сайын отандық тауарлар мен қызметтерді насихаттауға және ілгерілетуге ықпал ететін жақсы дәстүрге айналды. 2022 жылы келушілер саны 20 мың адамнан асса, 2023 жылы 22 мың адам болды. Сауда көлемі де өсіп жатыр. Үш жыл бұрын осы шарада 70 млн теңгенің өнімі сатылса, екі жыл бұрын көрсеткіш 74,1 млн теңгеге жетті.

Көрмеге кіру – тегін. Тек көрме орнына келіп немесе алдын ала Ulttyq ónim сайтында онлайн тіркеуден өту қажет.

Қазақстандық тауарлар осыған дейін Қытайдың ірі онлайн JD.com сауда алаңында саудаланған еді.  Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 2,4 млн юань тауарын сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз