Тимур Турлов дәулеті 7 млрд долларға жетті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Состояние Тимура Турлова достигло $7 млрд
Тимур Турлов дәулеті едәуір өсті / фото: Офелия Жакаева, бильд-редактор: Дастан Шанай

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов Қазақстандағы ең бай адам Вячеслав Кимді қуып жетіп қалды. Forbes-тің ғаламдық онлайн тізімінен осыны көруге болады.

Атап айтқанда, қазір Турловтың дәулеті 7 млрд, ал Вячеслав Ким байлығы 7,1 млрд доллар деп бағаланып тұр. Бірнеше күн бұрын ғана Вячеслав Ким дәулеті 7,1 млрд, ал Турлов байлығы 5,8 млрд доллар еді.

Материал жарияланған сәтте Forbes-тің ғаламдық тізіміндегі қазақстандық байлар былайша орналасты:

  • Вячеслав Ким (473-орын) – $7,1 млрд;
  • Тимур Турлов (482-орын) – $7 млрд;
  • Владимир Ким (628-орын) – $5,7 млрд;
  • Динара Құлыбаева (676-орын) – $5,5;
  • Тимур Құлыбаев (678-орын) – $5,5 млрд;
  • Болат Өтемұратов (1 020-орын) – $3,7 млрд.

Бұған дейін Вячеслав Ким Қазақстандағы ең бай адам атағын сақталғаны хабарланған. Ал Тимур Турлов болса бір жылда бесіншіден екінші орынға көтерілген. Владимир Ким төртіншіден үшінші орынға жайғасса, Тимур мен Динара Құлыбаевалар екіншіден төртінші орынға сырғыған. Болат Өтемұратов рейтингте алтыншы орынға орналасқан.

Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турловтың байлығы 3,3 млрд доллардан 5,8 млрд долларға дейін өсті. Freedom холдингінің құрамына «Фридом Финанс» брокерлік компаниясы, осы аттас банк, екі сақтандыру компаниясы, Arbuz.kz онлайн-супермаркеті мен Aviata.kz авиабилеттер сервисі кіреді.

Топ бренді аясында Freedom Drive автокөлік шиналары дүкені, Freedom Mobile техника мен аксессуарлар салоны, концерттерге, киноға және басқа да іс-шараларға арналған Freedom Ticketon билет сервисі, Freedom Telecom телекоммуникациялық компаниясы және Freedom Media онлайн-кинотеатры да бар.

Сондай-ақ оқыңыз