Германия канцлері құрлықтағы ең мықты армия құруға уәде берді

Германияның жаңа канцлері Фридрих Мерц Еуропадағы ең мықты армия құруға уәде берді. Ол сәрсенбі күні Бундестагта сөз сөйлеп, ант қабылдады.
Мерц құрлықтағы ең мықты қарулы күштер құру арқылы Ресей қаупіне тойтарыс бергісі келеді. Сол себепті жаңа канцлер армияға қажетті қаражат алу үшін парламенттегі жақтастарынан қолдау күтеді.
«Біздің достарымыз бен әріптестеріміз де осыны қалайды. Талап етеді», – деді Мерц. Оның мәлімдемесін Bloomberg жариялады.
Агенттік мәліметінше, Германияның қорғаныс бюджеті биыл және одан кейінгі жылдары тағы 60 млрд еуроға дейін, яғни 15%-ға артады. Салыстырар болсақ, 2024 жылы қорғаныс бюджеті 52 млрд доллар болған.
НАТО өндіріс көлемінің кем дегенде 2%-ын қорғаныс саласына жұмсауды сұрап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Фридрих Мерц биыл 6 мамырда екінші қайтара дауыс беру нәтижесінде ғана канцлер қызметіне сайланған. Бундестагтағы 325 депутат Мерцті қолдаса, 289 депутат оған қарсы дауыс берген.