ҰБТ тапсыратын күндер ауысты

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
ҰБТ
ҰБТ тапсыратын күндер ауысты / фото: shutterstock

23 және 24 мамыр күні ҰБТ тапсыруға өтініш берген түлектердің тест тапсыру күні өзгерді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Елдегі соңғы қоңырау күні өзгеруіне байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімдері кейінге шегерілді.  

Жаңартылған кестеге сәйкес, 23 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. 24 мамырға өтініш бергендер үшін 1 маусымға ауыстырылды.

ҰБТ тапсыратын күндер туралы ақпарат app.testcenter.kz порталындағы жеке кабинетте автоматты түрде жаңартылады. Сонымен қатар тіркелген талапкерлерге SMS-хабарлама жіберіледі.

Биылғы оқу жылының соңғы қоңырауы 23-ші немесе 24 мамыр күні соғылады. Барлық мектептер үшін соңғы оқу күні ретінде 23 мамыр бекітілген. Бұл күні ел мектептерінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

Министрліктің мәліметінше, 34 аптаға созылатын оқу жылын биыл 3,9 млн астам оқушы аяқтайды. Ал мектепті аяқтайтын түлек саны – 217 мың.

Сондай-ақ оқыңыз