АҚШ санкцияларын алса, Иран ядролық қарудан бас тартуы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Иран ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді.
Иран ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді / Фото: kursiv.media архив

Иран ядролық қарудан қандай жағдайда бас тартатынын мәлімдеді. Иранның рухани жетекшісінің кеңесшісі Әли Шамхани NBC News арнасына берген сұхбатында Тегеранның АҚШ-пен ядролық энергетика туралы келісімге қол қоюға дайын екенін жеткізген. Ол үшін АҚШ санкцияларды алып тастауы керек.

Егер АҚШ Иран қойып отырған шарттарды орындаса, Иран ядролық қару жасауды тоқтатып, уранды тек азаматтық мақсатта ғана пайдаланады. Иран тіпті бұл процестерді бақылап отыру үшін бірнеше елдің қатысуымен консорциум құруды да ұсынған.

«Халықаралық инспекторларға Иранға қарсы барлық экономикалық санкциялардың тез арада жойылуы үшін осы процесті бақылауға мүмкіндік береміз», – деп мәлімдеген өз сұхбатында Шамхани.

Әли Шамхани Иран басшылығының келісімге келуге әзір екенін, америкалықтармен қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін жеткізген.

Егер АҚШ келіссе, Иран уранды 3,67%-ға байытатын болады. Бұл деңгей қару жасауға жеткіліксіз. Бірақ уранды отын ретіде пайдалануға мүмкіндік бередін Сонымен бірге Иран бұл келісімнің белгілі бір мерзімге ғана жасалмайтынын, Араб елдерінің қатысуымен құрылатын консорциумның ұзақ мерзімге құрылатынын атап өткен.

Еске сала кетсек, Трамп биліке келген соң, Иранмен ялролық келісімге келу мәселесін күн тәртібіне қойды. Тіпті Иран ядролық келісімге келмесе, АҚШ-тың елге бомба жаудыратынын мәлімдеді. Трамптың  бұл мәлімдемесінен кейін Иран елдің түкпір-түкпіріндегі зымыран қондырғыларын жауынгерлік әзірлікке келтірді.

Сондай-ақ оқыңыз