Байқоңыр ғарыш айлағында екі чех азаматы ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Юбилейный әуежайы
Байқоңыр ғарыш айлағында екі чех азаматы ұсталды / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Байқоңыр ғарыш айлағында Чехияның екі азаматы ұсталды. Туристер космодромға жасырын өтіп, зымыранды суретке түсіріп алғысы келген. Бұл туралы RBC хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, шетел туристерінің үстінен әкімшілік хаттама толтырған. Екеуіне де 5 мың рубль айыппұл салған. Сосын туристерді босатып жіберген.

Shot телеграм-арнасы Байқоңырдан ұсталған азаматтардың аты-жөнін жариялады. Олар: 26 жастағы Ондржей мен 25 жастағы Якуб. Мәліметтерге қарағанда, екеуі «Энергия» зымыранына өтуге талпынған. Туристердің айтуынша, шетел азаматтары ғарыш айлағына фотоаппарат алып барған, бірақ жасырын түрде кіре алмаған.

Байқоңыр — әлемдегі алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы. Ол 1955 жылы салынған. Қазақстан Байқоңырды Ресейге 2050 жылға дейін жалға берген.

Байқоңырдан зымыран ұшырылғанын тамашалау үшін жыл сайын өңірге 2 мың турист келеді.

Сондай-ақ оқыңыз