Сәуірде инфляция қарқыны күшейді: Астанада баға жоғары

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
инфляция
Сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция 10,7%-ды құрады / Фото: shutterstock

2025 жылғы сәуірде Қазақстанда жылдық инфляция 10,7%-ға жетіп, наурыздағы 10,0%-бен салыстырғанда жеделдей түсті. Бұл көрсеткіш 18 өңірде өсіп, тек бір облыста баяулаған. Тағы бір өңірде өзгеріссіз қалған.

Ең жоғарғы жылдық инфляция Астанада тіркелді – 13,8%. Бұл – ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Азық-түлік бағасы да өсті. Сәуір айында олардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 8,5%-ға қымбаттаған (наурызда – 7,6%). Ақмола облысында бұл көрсеткіш – 11,2%-ға жетіп, елдегі ең жоғары өсім болды. Ал Қызылорда облысы мен Алматы қаласында азық-түлік бағасы 6,8%-ға ғана өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы, керісінше, сәл баяулады – сәуірде 8,9% болды (наурызда – 9,1%). Бұл бағытта Түркістан облысы алда тұр – 14,8%. Ең төмен көрсеткіш – Павлодар облысында (5,9%).

Халыққа көрсетілетін ақылы қызметтердің бағасы да айтарлықтай қымбаттаған. Жылдық өсім – 15,7% (наурызда – 14,3%). Алматы қаласында бұл көрсеткіш 20%-ға жетіп, республикалық орташа мәннен айтарлықтай жоғары болды. Ал Павлодар облысында қызмет құнының өсімі 8,6%-бен шектелді.

Сәуірдегі айлық инфляция – 1,2%. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 12%-ға баруы мүмкін деген.

Сондай-ақ оқыңыз