Бельгия АЭС-терді біртіндеп жабу жоспарынан бас тартты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Бельгия АЭС-терді біртіндеп жабу жоспарынан бас тартты
Бельгия АЭС-терді біртіндеп жабу жоспарынан бас тартты/Фото: Belga.

Бельгияның Өкілдер палатасы 2003 жылы қабылданған елді біртіндеп ядролық энергиядан шығару жөніндегі заңның күшін жойды.

Ядролық энергиядан бас тарту туралы заңды жою жөніндегі заң жобасын коалициялық партиялар ұсынған әрі ол оппозициялық Vlaams Belang пен Open VLD партияларының қолдауына ие болған.

2003 жылғы заң Бельгиядағы жеті ядролық электр станциясының жабылу мерзімін белгілеп, жаңа ядролық қуат көздерін салуға тыйым салған болатын. Соңғы 20 жыл ішінде бұл заңға бірнеше рет өзгеріс енгізіліп, кейбір станциялардың жұмыс істеу мерзімі ұзартылған.

Қазіргі биліктегі MR және N-VA партиялары бұрыннан-ақ бұл заңды толығымен жоюды көздеген. Жасыл партиялар үкімет құрамынан шыққаннан кейін, бұл мәселеде жылдам ымыраға келуге мүмкіндік туды.

Заңның жойылуы жаңа атом электр станцияларын салу бірден басталады дегенді білдірмейді. Қазіргі станцияларды жабу мерзімдері қайта қаралуда, енді үкімет жол картасын әзірлеуі керек.

Қазақстан да ядролық энергияға қосылуды жоспарлап отыр. Тіпті алғашқы станса салынатын орынды да белгілеп, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылын таңдап отыр. Үкімет мәліметінше, алғашқы АЭС-ті қай ел салатыны осы жазда, 1 шілдеге дейін шешіледі. Қазақстанда АЭС-ті Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай және Франция компаниялары салғысы келеді.

Сондай-ақ оқыңыз