Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады. Құттықтау Кремльдің сайтында жарияланған.
Путин құттықтауында Тоқаевтың екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалайтынын атап өткен.
«Бұл қатынастар бауырлас Ресей мен Қазақстан халықтарының игілігі жолында, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мүддесінде бұдан әрі де табысты дами беретініне сенімдімін. Сізге, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шын жүректен зор денсаулық, амандық пен мемлекеттік қызметіңізде табыс тілеймін», – делінген құттықтау мәтінінде.
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толып жатыр. Президент туған күнін атап өтпейді. Соған байланысты елде ешқандай да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмаған.
Қос есімнен тұратын президент есімінің сырын көпшілік біле бермейді. Мұның сырын президенттің өзі «Әке туралы толғаныс» кітабында жазып кеткен.