
Белгілі әнші Қайрат Нұртас жуырда көрші елдерді концерттік бағдарламамен аралайды. Бұл туралы оның анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында мәлім етті.
Кезекті шетелдік демалысынан видео салған продюсер біраз шаруаларын да реттеп алғанын жеткізді.
Оның сөзінше, әртіс 18 мамырда Қырғызстанда, 20 мамырда Ташкентте, ары қарай Ресейдің 5 қаласында концерт береді.
Бұған дейін танымал әнші Өскемен қаласында шығармашылық кеш өткізетінін хабарлағанбыз.
Сондай-ақ кәсіптің көзін тапқандар әртістен аумайтын қуыршақ жасап сатып жүргенін жаздық.