Теннисші Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңіске жетті

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Зарина Диас
Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңіске жетті / Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Теннисші Зарина Дияс Жапониядағы жарыста жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теннистен Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсететін Зарина Дияс Жапонияның Куруме қаласында өткен турнирге қатысқан.

Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы жапондық қарсыласы Аяно Шумитсудан басым түскен.

Спортшылары кортта 1 сағат 24 минут өткізген. Жеңіске жету үшін Диясқа екі сет қажет болған. Нәтижесінде теннисші 6:4, 6:3 жиынтық есебімен жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанған.

Еске сала кетсек, қазақстандық теннисші 2024 жылдың қарашасында Оңтүстік Кореяда өткен жарыста  керемет камбэк жасап, жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз