Алматы мен Ыстықкөл арасында жаңа тікелей рейс ашылады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматы мен Ыстықкөл арасында жаңа тікелей рейс ашылады / фото: коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың 23 маусымынан бастап Asman Airlines авиакомпаниясы мен Kompas Tour туроператоры бірлесіп, Алматы – Тамчы (Ыстықкөл халықаралық әуежайы) бағыты бойынша жаңа тікелей рейс ашады. Бұл туралы «Қырғызстан әуежайлары» ААҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер кестесі:

  • Аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
  • Ұшу уақыты – бар болғаны 1 сағат 20 минут.

Жаңа рейс жазғы маусымда қазақстандықтар үшін Ыстықкөлге баруды бұрынғыдан да жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Еске сала кетейік, бұған дейін Fly Arystan компаниясы да Алматыдан Ыстықкөлге аптасына екі рет рейстер жіберетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз