Нұрлан Смағұловтың бизнесте жетістікке жетуінің сыры неде

Алғашқы ірі жобасы: «Астана Моторс»
Astana Group холдингі: диверсификация турасында
Меценаттық пен қоғамдық белсенділік
2024 жылы Қазақстандағы ең ірі жылжымайтын мүлік иесі атанды
2025 жылы іске асыратын жобалары
Нұрлан Смағұлов – «Astana Group» холдингінің президенті және негізін қалаушы, кәсіпкер, инвестор, меценат. Оның өмірбаяны – биология мен химиядан басталып, Қазақстандағы ең ықпалды бизнес-империялардың бірін құрумен жалғасты. Оның есімі посткеңестік кеңістікте жүйелі даму мен кәсіпкерлік эволюцияның символына айналды.
Ғылымнан – кәсіпкерлікке
Нұрлан Еркебұланұлы Смағұлов 1965 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия және биология» мамандығы бойынша тәмамдаған. 90-жылдардың басында еліміз жаңа экономикалық жүйеге бет бұрған шақта, Смағұлов ғылым жолынан бизнеске ауысып, жеке кәсіпкерлікке алғашқы қадам жасайды.
Алғашқы ірі жобасы: «Астана Моторс»
1992 жылы ол Қазақстандағы алғашқы ресми Toyota дистрибьюторы болған «Астана Моторс» Қазақ мотор компаниясын құрды. Кейін бұл компания елдегі автоиндустрияның ірі ойыншысына айналды. 2011 жылы Hyundai коммерциялық техникасын құрастыратын Hyundai Trans Almaty зауыты іске қосылды, ал 2020 жылы Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын Hyundai Trans Kazakhstan зауыты пайдалануға берілді. 2023 жылы мультибрендті Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы басталды. 2024 жылы Astana Motors Engineering технопаркі аясында көліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын Kazakhstan Mobility Engineering зауыты іске қосылды.
1996-2002 жылдары Смағұлов «Продкорпорация» АҚ-да жұмыс істеді, ал 1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2003-2007 жылдары «АТФБанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.
2003 жылдан бастап ол MEGA сауда-ойын-сауық орталықтар желісін дамытуға арналған Mega Management компаниясын құрды. 2006 жылдың қаңтарында өзінің барлық негізгі бизнес жобаларын біріктірген «Astana Group» холдингін құрды. Сол жылы компания Алматы қаласының тарихи ескерткіші саналатын «Алматы» қонақүйін аукцион арқылы сатып алып, оны бастапқы сәулеттік келбетіне қайтарып, қайта жаңғыртты. Бұл нысан 2022 жылы сатылды.
2020 жылы Смағұлов Mycar.kz экожүйесін және «Нұрлан Смағұлов қоры» қайырымдылық ұйымын құрды. 2024 жылы Mycar.kz Қазақстандағы алғашқы жаңа көліктер маркетплейсін іске қосты. Сонымен қатар ол автокөлік сатып алуға арналған несиелеуге бағытталған виртуалды Mybank жобасын ашатынын хабарлап, бұл бастама тоқтатылып, автожинақ өндірісін жергіліктілендіруге басымдық берілді.
Astana Group холдингі: диверсификация турасында
2006 жылдан бастап Нұрлан Смағұлов бизнесті кеңейтуге ден қойып, Astana Group холдингін дамытуды бастады. Бүгінде бұл құрылым бірнеше ірі бағытты қамтиды:
- автодистрибуция және дилерлік орталықтар («Астана Моторс»);
- MEGA сауда-ойын-сауық орталықтары (Алматы мен Астанада);
- қонақүй бизнесі («Алматы» кешені);
- девелопмент және коммерциялық жылжымайтын мүлікке инвестиция.
Оның әрбір жобасы – клиент тәжірибесіне, инновацияға бағытталған стратегияның көрінісі. MEGA орталықтары тек сауда орны ғана емес, мегаполис тұрғындарының мәдени және қоғамдық өмірінің бөлшегіне айналды.
Меценаттық пен қоғамдық белсенділік
2017 жылдан бері Смағұлов жетім балаларға көмек көрсететін «Ана үйі» қорының меценаттарының бірі болып табылады. Нұрлан Смағұлов бизнестен бөлек, елдегі әлеуметтік бастамаларға да белсене қатысады. Ол өзінің атындағы қор арқылы ауқымды қайырымдылық жұмыстарын атқарып келеді. Мысалы, 2024 жылы Қазақстанда ірі су тасқыны болды, әсіресе6 Батыс Қазақстан облысы қатты зардап шекті. Осы жағдайға байланысты Нурлан Смағұловтың қоры 6,1 млрд теңге бөліп, тұрғын үйлерді қалпына келтіру мен зардап шеккен отбасыларға жаңа баспана сатып алуға бағыттады. Сонымен қатар ұйым білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларында да белсенді жұмыс істейді. 2021 жылы қор түрлі әлеуметтік жобаларға 1 млрд теңге бөлді.
2024 жылы Қазақстандағы ең ірі жылжымайтын мүлік иесі атанды
2024 жылы кәсіпкер Forbes жариялаған елдегі ең ірі жылжымайтын мүлік иелері рейтингінде бірінші орынды иеленді. Журнал 6 қарашада жарық көрді.
Басылымның дерегінше, Смағұловтың Қазақстандағы жылжымайтын мүліктен түскен болжалды табысы 53 млрд теңгені құраған. Оның иелігінде Астанадағы MEGA Silk Way, Алматыдағы MEGA Alma-Ata және MEGA Park сауда-ойын-сауық орталықтары бар. Бұл нысандардың жалпы коммерциялық ауданы – 215 мың шаршы метр, ал жалпы ауданы – 424 мың шаршы метр. Девелопер ретінде Mega Center Management компаниясы көрсетілген.
Сарапшылардың бағалауынша, Нұрлан Смағұловтың байлығы 980 млн долларды құрайды. Ол ең ықпалды кәсіпкерлер тізімінде 5-орында, ал ең бай қазақстандықтар рейтингінде 8-орында тұр.
2025 жылы іске асыратын жобалары
2019-2023 жылдары Нұрлан Смағұлов Қазақстан велоспорт федерациясының президенті болды. 2023 жылы мультибрендті Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының құрылысы басталды. Қазақстанда жылына 90 000 автокөлік шығара алатын мультибрендті кешен 2025 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.
Зауытта Hyundai, Chery, Haval және Great Wall маркалы көліктер құрастырылады. Кәсіпорын Алматының Индустриялық аймағында орналасқан, жалпы аумағы – 100 гектардан асады.
Жоба аясында 2 мыңнан аса жұмыс орны ашылады. Зауыт құрамына дәнекерлеу, сырлау, жинақтау цехтары, сондай-ақ логистикалық және қоймалық инфрақұрылым енеді. Бұл нысан еліміздің автокөлік өнеркәсібін дамытуда маңызды рөл атқарады және ішкі нарықты қамтамасыз етумен қатар, ЕАЭО елдеріне экспорт бағытында да жұмыс істемек.
2021 жылы ол қазіргі заманғы өнерге арналған Almaty Museum of Arts жекеменшік мұражайының құрылысын бастады. Бұл Орталық Азиядағы алғашқы жекеменшік қазіргі заманғы өнер мұражайы болмақ. Оның ашылуы 2025 жылға жоспарланған. Коллекцияда 700-ден астам отандық және шетелдік суретшілердің туындылары бар. Экспозиция Смағұловтың жеке коллекциясына негізделген. Авторлар қатарында қазақстандық суретшілер және шетелдік өнер шеберлері бар. Оның ашылуы 2025 жылдың жазына жоспарланған. Мұражай Алматы қаласының орталығында (әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев көшесінің қиылысы) орналасады. Ғимараттың жалпы аумағы – 9 400 м². Жобаны британдық Chapman Taylor сәулет бюросы әзірлеген. Еске сала кетсек, жыл басында кәсіпкер Automotive Ventures атты АҚШ- та тіркелген қорға 3,5 млн доллар қаржы салуды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Бұл ұйым авто технологиялары мен цифрлық инновация бағытындағы жаңа жобаларға маманданғаны б