«Көлбаевтың тыңшысы болған»: көкбөрі федерациясының бұрынғы басшысы ұсталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Талас Бегалиев бұрын ІІМ жүйесінде басшылық қызмет атқарған кезде «Көлбаевтың тыңшысы» болған көрінеді / фото: instagram
Талас Бегалиев бұрын ІІМ жүйесінде басшылық қызмет атқарған кезде «Көлбаевтың тыңшысы» болған көрінеді / фото: instagram

Көлбаевтың тыңшысы болған деген күдікпен Қырғызстанда көкбөрі федерациясының бұрынғы басшысы Талас Бегалиев ұсталды.

24 kg ақпаратына қарағанда, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі оның не үшін тұтқындалғанын мәлімдеген.

Мұның алдында Таласа Бегалиев пен тағы да екі адам ұсталған болатын. Бішкектің Октябрь аудандық соты 12 шілдеге дейін уақытша оқшаулау орнына қамауға алуға шешім шығарған еді. Оларға қылмыстық ұйым құрып, қатысты деген айып тағылып отыр.

Атап айтқанда, Талас Бегалиев бұрын ІІМ жүйесінде басшылық қызмет атқарған. Сол кезде Көлбаевтың тыңшысы болған көрінеді. Онымен бірге ұсталған екі адам да қылмыстық әлемнің өкілдері болып шықты. Күдіктілердің бәрі де қылмыс әлемінің серкелері  Чынгыз Джумагулов пен Қамшы Көлбаевпен байланысы болыпты.

«Ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері Қамшыбек Асанбек (Қамшы Көлбаев), Алмамбет Анапияев және Чынгыз Джумагулов, Талас Бегалиевпен сөз байланысып, АКСУ автоматын қолданып, күш көрсетіп, психологиялық қымыс жасап, Қырғызстан азаматынан 2 гектарды жерді тартып алған. Оны құны – 2 млн доллар. Ол жер кейіннен Талас Бегалиевтің жақын туысының атына қайта рәсімделген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ұсталған үш күдікті бір азаматтан 300 мың долларды тартып алып, Қамшы Көлбаевқа тапсырған. Бұл жөнінде жәбірленушілердің бірі ҰҚМК-ге шағым түсірген.

Қырғыз арнайы қызметінің мәліметінше, Талас Бегалиев ІІМ жүйесінде жұмыс істеген кезде Қамшы Көлбаевқа қорғаншылық жасап, ақпарат беріп тұрған көрінеді.

ҰҚМК Қамшы Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікпен қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековті де іздестіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз