Қазақстанда IT кадрға сұраныс артты, олардың жалақысы қанша

Қазақстандағы IT саласы қарқын алып келеді, жалақы өсіп, мамандарға деген сұраныс ұсыныстан асып түсті. Тәжірибелі мамандарға компаниялар ең төмені 500 мыңнан бастап жалақы ұсынуда.
IT- бос жұмыс орындары көбейді
hh.kz платформасының деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында IT-мамандардың түйіндеме саны 19,4%-ға артқан. Ал ақпараттық технологиялар саласындағы бос орындар саны одан да жоғары — 27,2%-ға өсті.
IT саласындағы жалақы қалай өзгерді?
Көптеген тәжірибе деңгейлері бойынша IT-мамандардың күтілетін медианалық жалақысы өскен:
- 1 жылға дейінгі тәжірибесі бар мамандар арасында жалақыға деген үміттер 3,8%-ға төмендеді (207 711 теңге).
- 1–3 жыл тәжірибесі барлар үшін жалақы деңгейі өзгеріссіз қалды (300 191 теңге, +0,1%).
- 3–6 жыл тәжірибесі барлар арасында айтарлықтай өсім байқалды — 7,1% (398 377 теңге).
- 6 жылдан астам тәжірибесі барлар үшін жалақы 0,7%-ға өсіп, 508 442 теңгеге жетті.
Компаниялар да барлық тәжірибе деңгейлері бойынша ұсынатын жалақыларын арттырды:
- Жұмыс тәжірибесі жоқтар үшін: 228 154 теңге (+13,2%).
- 3 жылға дейінгі тәжірибе: 323 646 теңге (+7,9%).
- 6 жылға дейінгі тәжірибе: 529 778 теңге (+7,5%).
- 6 жылдан астам тәжірибе: 782 639 теңге (+9,7%).
Алматы мен Астана — IT кадрлар шоғырланған орталық
Қала бойынша үміткерлердің басым бөлігі Алматыда (48,0%) және Астанада (26,5%) орналасқан. Қарағанды (4,0%), Шымкент (3,8%) және Атырау (2,7%) әлдеқайда аз көрсеткішке ие болса да, нарықта өз орнын көрсетіп отыр.
Жұмыс берушілер де бос жұмыс орындарын көбінесе Алматыда (49,1%) жариялайды, алайда Астанадағы белсенділік те айтарлықтай артты (29,3%). Қарағанды (4,2%) мен Шымкентте (4,0%) де аздаған өсім байқалды.
Бәсекелестік сәл төмендеді..
2024 жылы бір орынға орта есеппен 9,4 түйіндеме келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8,8-ге дейін төмендеді. Бұл — вакансия санының түйіндеме санынан жылдамырақ өсуіне байланысты.
Ең жоғары бәсекелестік (бір орынға 40-тан астам түйіндеме) аналитика бөлімінің басшылары, гейм-дизайнерлер және техникалық жазушылар арасында байқалады. Ал әдістемешілер, техникалық қолдау мамандары мен дизайнерлердің позициялары бәсекелестігі төмен бағыттар қатарында.
\Айта кетейік, отандық IT-қызметтердің экспорты импорттан екі есе асып түсті. Айта кетерлігі, IT-қызметтер экспорты негізінен Ресейге бағытталған. Жалпы экспорттың 14%-ы немесе 95,6 млн доллары осы елге тиесілі.