Тоқаев АҚШ-қа жалға берілетін жер туралы келісімге қол қойды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан АҚШ-қа 49 жылға жерді жалға береді / фото: архив kursiv.media

2025 жылғы 19 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Алматы қаласында Америка Құрама Штаттарының консулдық мекемесінің үй-жайларын салу үшін АҚШ Үкіметіне жер учаскесін жалға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл құжат Қазақстан Президентінің БҰҰ-ның 74-сессиясына қатысу қорытындысы бойынша берген тапсырмасын орындау аясында әзірленген.

Келісімге сәйкес, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының жаңа кешенін салу үшін 70 593 шаршы метр жер учаскесі 49 жыл мерзімге жалға беріледі. Бұл шешім екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін СІМ орынбасары АҚШ жалдау ақысын бір реттік төлем ретінде 25,3 млн доллар төлейтінін айтқан еді.  

Сондай-ақ оқыңыз