Pfizer қатерлі ісіктің жаңа дәрісіне 1,2 млрд доллар жұмсайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Pfizer қатерлі ісік препаратына қомақты ақша құяды / фото: shutterstock
Pfizer қатерлі ісік препаратына қомақты ақша құяды / фото: shutterstock

Pfizer компаниясы қатерлі ісікті емдеуге арналған препарат лицензиясы үшін 1,25 млрд доллар аванс төлейді. 3SBio деп аталатын дәрі Қытайда тәжірибеден өтіп жатыр.

Bloomberg мәліметінше, Қытайдың Шэньян қаласында осы дәрі қатерлі ісіктің бірнеше түрі бойынша сынақ жүргізу қолға алынды. 3SBio препаратының тиімділігі дәлелденген жағдайда, Pfizer оған 4,8 млрд доллар төлеуі мүмкін.

Бұл уақытта Гонконг қор биржасында 3SBio акциялары бірден 52%-ға көтерілді. Компания Қытайда қатерлі ісік қана емес, басқа да аурулар бойынша дәрі сатумен айналысады. Pfizer компаниясы препаратты АҚШ-та өндіретінін мәлімдеп отыр.

Қазіргі таңда нарықта қатерлі ісікті емдеу үшін Keytruda препараты жиі қолданылады. Дәрі сауда көрсеткіші бойынша әлемді бірінші орында тұр. Мәліметтерге қарағанда, 3SBio препараты да Keytruda дәрісі сияқты әсер етеді, бірақ жаңасының сынық кезінде әсері жоғары екені байқалған.

Сондай-ақ оқыңыз