АҚШ соты Венесуэланың 350 мың мигрантын депортациялайды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Венесуэла мигранттары / Фото: ашық дереккөзден

АҚШ-тың Жоғары соты Венесуэладан келген 350 мың мигрантты елден депортациялауды шешті. Тиісті құжат сот сайтында жарияланған.

Бұл дегеніміз 2023 жылдан бері Венесуэладан келіп, «уақытша қорғаныш алған тұлғалар» деген статустағы жүз мыңдаған мигранттар елден кетуі қажет болады. Бұған дейін осы мәселеге қатысты АҚШ Ішкі Істер министрлігі босқындардың сол статусын алып қойғысы келгенмен, федералды соты оларға вето салған.

Бірақ енді Жоғары Сот билік тарапына шығып, мигранттардың елден кетуі қажет деген шешім шығарды.

Бұл неге маңызды?

Венесуэлалықтар тәрізді АҚШ-та жүрген қазақстандық мигранттар да көп. Мамырда Дональд Трамп солай заңсыз жүрген мигранттардың елден ерікті кетуіне рұқсат беретін бағдарламаны іске қосқан. Қазақстан СІМ-і де Америкада заңсыз жүрген азаматтады сол бағдарлама арқылы тезірек елге келуге шақырды. Өйтпеген жағдайда оларды мәжбүрлі түрде депортациялап немесе түрмеге қамауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз