Студенттердің стипендиясы өседі

1 қыркүйектен бастап студенттер стипендиясы өседі. Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтты.
«Биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап білім алушылардың стипендиясының өлшемі өседі. Бакалавриат үшін стипендияның өлшемі 52 372 теңге, магистратурада 117 098 теңге және докторанттар үшін 262 500 теңгені құрайтын болады. Яғни, ағымдағы жылы бакалавриат деңгейінде стипендия көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге, ал магистратура және докторантура деңгейінде 1,75 есеге артады», – деді министрлік өкілі.
Бұдан бөлек Ешенқұлов соңғы 5 жылда Қазақстанда гранттар саны 1,4 есе өскенін 2024-2025 оқу жылына 93 116 грант бөлінгенін атап өтті.
Министрлік студенттер тұратын жатақханалардағы орын тапшылығы азаятынын мәлімдеді. Атап айтқанда, 2019 жылы жатақхана тапшылығы 82 500-ден 2024 жылы 14 873-ке дейін азайған.
Айта кетейік өткен жылы да студенттер стипендиясы 15-50% шегінде өскен болатын.