Сынып жетекшілерге үстемеақы қосу жайы не болып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Сынып жетекшілеріне үстемақы қосу жайы не болып жатыр
Сынып жетекшілерге үстемеақы қосу жайы не болып жатыр/Фото: shutterstock

Үкімет сағатынан кейінгі баспасөз жиынында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне уәде етілген үстемеақы қашан қосылатынын нақты айта алмады.

Министрдің сөзінше, мәселе әлі шешімін таппаған. Қазіргі уақытта талқылау сатысында.

«Бұл мәселені қарастыру тек Оқу-ағарту министрлігінің құзырында емес. Қаржы, ұлттық экономика сияқты министрліктермен талқылап жатырмыз. Біз бұл мәселені жалғастыруымыз керек пе, жоқ па, ол жағы ұзақ талқылаудан өтеді», – дейді ол.

Үстемеақы қосу мәселесі тезірек шешімін тапқанын қалайтынын жеткізген министр бәрі қаржының жеткіліктілігіне тікелей байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ ол баспасөз жиынында мұғалімдерді ақылы семинарға тарту тоқтамай тұрғанына қатысты пікір білдірген.

Сондай-ақ оқыңыз