Қазақстанда жеке деректердің таралуына қатысты тергеу басталды

Азаматтардың жеке деректерінің таралуына байланысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, LS басылымы жазады.
Министрліктің мәліметінше, Астана қаласының полициясы жеке өмірге қол сұғу және дербес деректерді заңсыз жариялау фактісі бойынша (ҚР ҚК 147-бап, 5-бөлік) тергеу бастаған. Күдіктілер және тергеудің басқа фактілері жарияға етілмейді.
Бұл неге маңызды?
Былтыр мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қазақстандық саясаткерлердің жеке дерегі тарап кеткенін сынға алып, цифрлық даму министрі отставкаға кетуі керек деп мәлімдеген. Телеграм-арналардың бірінде Air Astana, SCAT, Qazaq Air және Bek Air әуекомпанияларының 700 мыңға жуық рейсі, ондағы қазақстандық азаматтардың тізімі жазылған деректер тарап кеткен.
Олардың арасында іс-шараларға ұшқан Альберт Рау, Айдос Сарым, Жигули Дайрабаев, Ләззат Танысбай, Бибігүл Жексенбай тәрізді бірқатар саясаткер, журналист, бизнесмендер мен шоу бизнес өкілдері де бар. Бірақ бұл іске қатысты басқа саясаткерлер де, министрлік өкілдері де пікір білдірмеді.