Қазақстан банктерінің таза пайдасы бір айда 240 млрд теңгеге артты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
банктердің табысы артты
Банктердің табысы қанша / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

1 мамырдағы дерек бойынша, Қазақстан банктерінің таза пайдасы 4 айда 900 млрд теңгеден асты. Бір айда банк секторының табысы 240 млрд теңгеге артты. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімет берді.

2025 жылғы мамырдың басында Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің жалпы активтері бір ай ішінде 1,01% өсіп, 62,6 трлн теңгеге жетті. Бірақ банктердің меншікті капиталы 3,3% қысқарып, 9,03 трлн теңге болды.

Активтердің өсуіне, ең алдымен, банктердегі қолма-қол ақша мен корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың көбеюі әсер етті.

Сонымен қатар клиенттерге берілген несие көлемі де артты — сәуірде 33,5 трлн теңге болса, мамырда 34,26 трлн теңгеге жетті (+2,1%). Ал банктердің басқа банктерге салған депозиттері сәл азайды — 1,38 трлн теңгеден 1,31 трлн теңгеге (-4,8%).

Қаржы құралдарына қатысты айтар болсақ, құндық қағаздардың көлемі төмендеді — сәуірде 931,8 млрд теңге болса, мамырда 798,5 млрд теңгеге дейін кесті (-14,3%).

Міндеттемелер де көбейді

Банктердің жалпы міндеттемелері сәуір айында 52,64 трлн теңге болса, мамырда 53,58 трлн теңгеге жетті (+1,8%). Клиенттердің депозиттері мен басқа қаражаттары 42,15 трлн теңгеден 43,43 трлн теңгеге өсті (+3%);

Корреспонденттік шоттардағы міндеттемелер 594,9 млрд теңгеден 683,1 млрд теңгеге көбейді (+14,8%);

Ал қысқа мерзімді РЕПО операцияларындағы міндеттемелер 2,29 трлн теңгеден 1,59 трлн теңгеге дейін азайды (-30,6%). Бұл банктердің қысқа мерзімді қаржыландыру тәсілін өзгерткенін білдіреді.

Меншікті капитал қалай өзгерді?

Банктердің меншікті капиталы сәуір айында 9,34 трлн теңге болса, мамырда 9,03 трлн теңгеге азайды (-3,3%). Бұл негізінен резервтік капитал мен қайта бағалау резервтерінің 7,58 трлн теңгеден 7,26 трлн теңгеге төмендеуінен болған (-4,2%).

Сонымен қатар жарғылық капиталы сәл өсіп, 1,47 трлн теңгеге жетті.

Банк сектор І тоқсанда 664 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл табыстың 72%-ын бар болғаны 5 банк қамтамасыз еткен – Халық, Kaspi, BCC, Еуразиялық банк және Forte.

Сондай-ақ оқыңыз