Илон Маск саясаттан кетпекші

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Илон Маск / Фото: ашық дереккөзден

Әлемдегі ең бай адамның бірі Илон Маск (Forbes бойынша дәулеті 423,8 млрд доллар) саясаттан біртіндеп кетпекші. Бұл туралы ол Bloomberg-ке берген сұхбатында айтты.

Ал Tesla-ны алдағы бес жыл бойы басқаруға ниетті. Масктың осы сөзінен кейін Tesla акциялары 3,6%-ға өсіп кеткен.

Бұл неге маңызды?

Илон Маск Трамптың шақыруымен Ақ үйге барып, Мемлекеттік басқарудың тиімділігі департаментінің (DOGE) кураторы болды. Оның жетекшілігімен департамент тиімсіз жұмыс істеді деген ведомстволардың жұмысын тексере бастады. Екі-үш ай ішінде Масктың командасы USAID-тың қызметкерлерін қысқартты, жобаларын жапты.

Пентагонның жұмысын тексеріп, «Азаттық радиосы» мен Voice America медиакорпорацияларын жабуды ұсынды. Масктың жұмыс стиліне, оның реформаларына демократтар мен мемлекеттік бақылау ұйымдары жаппай қарсы болды. Ал инвесторлар Маск бизнеске көңіл бөлуін қойды деп алаңдаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз