Кәсіпкер Қайрат Боранбаев мәдениет саласына қаржы салады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Боранбаев мәдениет саласына қаржы құяды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматыда cалынып жатқан Medeu Park Hotel қонақүйінде Орталық Азиядағы ең жарқын сәулетшінің бірі өз туындысын ұсынбақ. Бұл туралы жоба жетекшісі кәсіпкер Қайрат Боранбаев хабарлады.

Боранбаевтың айтуынша, сәулетшінің есіме әзірге құпия. Іле-Алатау баурайында жаңа қонақүйіннің аумағында заманауи, әрі қазақы нақыштағы инсталляциялар мен мүсін орнатылады.

Мұндай бағыт бұған дейін Qazaq Auyl жобасында да көрініс тапқан болатын. Мұнда Сәкен Нарыновтың «Асықтар», Жанна Нөгербектің «Таң» атты туындылары орнатылып, кеңістікті ұлттық дәстүр мен мифологиямен толықтырған.

«Біз ресурстарымызды қалай пайдаланатынымыз және артта не қалдыратынымыз үшін қоғам алдында жауаптымыз. Суретші, сәулетші, мүсіншілерді қолдау – бұл елдің мәдени тұрақтылығына қосылған үлес. Әрбір ғимаратты, әрбір кеңістікті кең ауқымды әңгіме – мағына, сұлулық пен өз мәдениетіне құрмет бар әңгіме – бір бөлшегіне айналдыру тәсілі», – деп жазды Боранбаев.

Сондай-ақ 20 мамыр күні Мәдениет саласының қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді мәдениет саласына назар аударуды ұсынды:

«Көптеген театр күрделі жөндеуді қажет етеді, кейбіреулеріне жаңа ғимараттар керек. Бұл жұмысқа кәсіпкерлер мен меценаттарды тарту орынды деп санаймын. Бұл – бүкіл әлемде кең таралған тәжірибе. Мұндай жобаларға инвестиция салуға ниетті адамдар аз емес. Бизнес өкілдерін руханиятымызды дамытуға атсалысуға шақырамын», – деген еді Тоқаев.

Боранбаев бұған дейін де өнер мен мәдениетке ерекше қолдау көрсетіп келеді. Оның бастамасымен Алматыдағы Целинный мәдени орталығы қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз