AI әлем бойынша әйелдерді жұмыссыз қалдыруы мүмкін – болжам

ЖИ болашақты әлемдегі жұмыс орындарындағы тәртіпті өзгертеді. Халықаралық еңбек ұйымының сарапшылары осындай тұжырымға келген.
Сарапшылардың мәліметінше, дүние жүзіндегі барлық жұмыс орындарының төрттен бір бөлігі AI технологиясы арқылы өзгеріске ұшырайды. Қазірдің өзінде жасанды интеллектінің әсері табысы жоғары елдерде 34%, ал кедей елдерде 11%-ды құраған. Әсіресе, бұл өзгеріс әйелдер істейтін салаға айтарлықтай өзгеріс енгізуі мүмкін.
Халықаралық еңбек ұйымы мен Польшаның Ұлттық зерттеу институтының бірлескен ірі зерттеуіне сәйкес, дүние жүзіндегі барлық жұмыс орындарының төрттен бір бөлігін AI араласуымен трансформацияға ұшырайды. Дәл осындай болжам БҰҰ конференциясында да айтылған болатын.
Жасанды интеллектінің нарықтық құны көтеріледі
ЮНКТАД сарапшылары AI-дің 2033 жылға қарай нарықтық құны 4,8 трлн долларға жетеді деп болжайды. Бұл цифрлық трансформацияның негізгі драйверіне айналып, жұмыс орындарының 40%-ына әсер етіп, жұмыс орындарында өнімділіктің артуына жол ашып, азаматтардың жұмыс орындарынан айырылуына алып келеді.
Болжамға сәйкес, жасанды интеллект әйелдер жұмыс істейтін салаға қатты әсер етуі мүмкін. Орта есеппен ЖИ әйелдер жұмыс істейтін жұмыс орындарының 28%-на, ерлердің жұмыс орындарының 21%-ан өзгеріс алып келеді. Әсіресе, табысы жоғары дамыған елдерде бұл кқрсеткіш айтарлықтай үлкен болады. Нақты айтқанда, АІ ерлер жұмысының 28%-на, әйелдер жұмысының 41%-на әсер етеді.