Қазақстан инфрақұрылымы көп турист қабылдауға жарамсыз – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Қазақстанға келетін туристер саны соңғы жылы күрт артқан. Бірақ Қазақстан инфрақұрылымы көп турист қабылдауға дайын емес, Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Юлия Якупбаева айтты.
Инфрақұрылым дамымаған
«Біз Қазақстанның туристік индустриясының, оның ішінде ішкі туристер мен шетелден келетін туристер саны тұрақты өскенін көріп отырмыз. Мұны статистикадан да көреміз. Өткен жылдың 10 айында ғана елімізге 13 млн шетелдік кірген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 миллион адамға көп. Оның үстіне туризм инвестиция үшін де тартымды салаға айналған. Салаға құйылған инвестиция көлемі 947,5 млрд теңгеге жетті», – дейді палата өкілі.
Қонақүй тапшылығы
Якупбаева бұрындары қонақүйлерге турист көп тоқтамайтыны жиі айтылған болса, енді керісінше қонақүйлердегі бөлме тапшылығы мәселесі жиі көтеріле бастаған. Сонымен бірге 10 жыл бұрын қазақстандықтар елдегі туристік дестинациялар туралы көп ақпарат білмеген. Қазір барлық туристік аймақтарда ішкі туризм дамып келеді.
Бірақ ішкі және сыртқы туризм дамып жатқанымен, Қазақстан инфрақұрылымы сол сұранысқа сай емес. Жолдардың жағдайы нашар. Көлік жүретін жолдардың жөні бір бөлек болса, жаяу жүретін туристік маршруттар мәселесі бір бөлек.
Палата өкілі шетелден келетін келетін туристердің негізінін табиғат аясында көп жүргенді ұнататынын, алайда, елде бұл туристік сала дамымаған.
«Туристік әлеуетті ашу үшін қолжетімді қаржыландыру және инновациялық және мақсатты маркетингтік стратегия қажет. Сондай-ақ туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру керек», – дейді Якупбаева.
Айта кетейік, Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны артып келеді. Мәселен, соңғы 5 жыл ішінде Қытайдан келетін туристер саны 9 есе артқан.
Әдетте туристер Алматы облысы мен Алматы қаласына, Астана мен Бурабайға және Шымкентке көп барады екен.