BYD Еуропаны бағындырды: бағасы арзан Dolphin Surf электрокары саудаға түсті

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қытай автогигантының Dolphin Surf электромобилі Еуропада сатыла бастады / фото: REUTERS/Annegret Hilse
Қытай автогигантының Dolphin Surf электромобилі Еуропада сатыла бастады / фото: REUTERS/Annegret Hilse

Қытайдың BYD автокомпаниясы Еуропаға аса қымбат емес Dolphin Surf электромобилін таныстырды. Бұл автогиганттың осы құрлықта саудаға шыққан оныншы моделі деп жазды Reuters.

21 мамырдан бастап сатыла бастаған Dolphin Surf электрокарының бағасы 22 990 еуродан (26 100 доллар) басталады. Қуаты 322 км-ге жететін арзан түрі осы бағаға сатылса, 507 км-ге жететіні 24 990 еуро тұрады.

Үш нұсқасын да маусым айының аяғына дейін 19 990–24 990 еуро аралығындағы арзан бағаға алуға болады. Бұл туралы компанияның сауда жөніндегі жетекшісі Патрик Шульц мәлімдеді.

Агенттіктің мәліметінше, Еуропада 20 мың еуродан арзан бағамен Dacia Spring (T03) ғана сатылып жатыр. Алайда биыл 25 мың еуродан арзан жаңа 11 модель саудаға түседі. Олардың ішінде Volkswagen ID.2, Renault R5, Fiat Grand Panda және Hyundai Inster автокөліктері бар.

Сарапшылардың айтуынша, әлемде шағын электрокарға сұраныс жоғары. BYD мәліметінше, биыл осындай көлік саудасы 45%-ға өсіп, 170 мың дана сатылған.

2025 жылы BYD Еуропада 12 жаңа нарыққа шығады. Сол арқылы автогиганттың сауда нүктелерінің саны 1 мыңнан асады.

Сондай-ақ оқыңыз