9 590 000 теңгеден басталатын Jetour модельдері 4%-бен сатылып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
9 890 000 тг басталатын Jetour модельдері 4%-бен сатылып жатыр
9 590 000 теңгеден басталатын Jetour модельдері 4%-бен сатылып жатыр/Фото: jetour-auto.kz

Jetour отандық автонарықтағы жаңа көліктер арасындағы сатылымы көп брендтердің бірі. Сәуір айының қорытындысы бойынша үздік бестікке енген қытайлық бренд 4%-дық автонесие ұсынып отыр.

Арнайы ұсыныс

Аталған бренд Қазақстанда тек кроссовер сатады. Бүгінде модельдеріне 7 жылға дейін 4 пайыздық мөлшерлемемен беретін ұсыныстар әзірлеген. Ескерер жайт бұл тұста бастапқы жарна көлік құнының 50 пайызын құрауға тиіс.

Jetour модельдері

Қытайлық брендтің ең арзан моделі Jetour X50 – 9 590 000 теңгеден басталады. Екі жиынтықта ұсынылған көліктің максималдық жиынтығы базалығынан 500 мыңға қымбат (10 090 000 ₸).

Бұдан өзге модельдердің бағасы мынадай:

  • X70 – 9 890 000 ₸;
  • X70 жаңасы – 10 590 000 ₸;
  • DASHING – 10 990 000 ₸;
  • X70 PLUS – 13 090 000 ₸;
  • X90 PLUS – 14 090 000 ₸;
  • T2 – 16 690 000₸.

4 пайыздық несиелеу барлық модельге жүреді.

Айта кетейік, қытайлық бренд сәуір айында 1 368 көлік сатып, үздік бестікті түйіндеген. Ал тізімде бірінші тұрған Hyundai дилерлері 4 393 көлік сатқан (былтырғы сәуірмен салыстырғанда +44,4%). Chevrolet де әдеттегідей екінші орынға жайғасты (2 725; +84,5%). Үздік үштікке енген Kia-ның нәтижесі – 2 207 (+25,2%). Бұл жолы Chery бренді төртінші сатыға қайта көтерілген (1 434 (+38,8%).

Бұған дейін, сатылым лидерлері HyundaiChevrolet,  KIA және Chery модельдеріне арналған 4%-дық бағдарламалар туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз