Жазда Балқашқа қалай жетуге болады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Жазда Балқашқа пойыз және автомен қалай баруға болады
Жазда Балқашқа қалай жетуге болады/Фото: Tau komek travel

Көлік министрлігі жазғы демалыс маусымында Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар жолға шығатынын мәлімдеп, көлік арқылы жетуге болатын мартшруттарды жариялады.

Теміржол арқылы

Министрлік мәліметіне сай, жазда Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады. Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды.

1. №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
3. №122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жыл бойы, айдың жұп күндерде).
4. № 643/644 «Мойынты – Балқаш» (күнара);
5. № 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);
6. № 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 6 рет);
7. № 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына 6 рет);
8. № 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 2 рет);
9. № 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).

Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.

Авто арқылы

Министрлік Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төртжолақты жолмен жүруге болатынын атап өтті.

Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша курорттық аймаққа жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды.

Аймаққа ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бұрылбайтал» жолы арқылы да жетуге мүмкіндік бар.

Балқашқа Лепсі ауылы арқылы баламалы жол да апарады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілген. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылап, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілген

Бұған дейін, 2025 жылдың жазында демалысқа шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтардың жартысынан көбі (58,2%) Қазақстанда тынығуды көздеп отырғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз