OПЕК+ мұнай өндірісін одан әрі арттырмақшы

OПЕК+ елдері нарықтағы мұнай көлемі артып жатқанына қарамастан, өндірісті одан әрі ұлғайтпақшы. Бұл ресейлік мұнай бағасының төмендеуіне әкеледі, Батыс елдері оны қосымша шектеуге ұмтылып отыр деп жазады Bloomberg.
ОПЕК+ елдері қазір шілдеде мұнай өндіруді үшінші ай қатарынан арттыру мүмкіндігін талқылап жатыр. Нақты шешім 1 маусымда өтетін кездесуде қабылданады.
«Біз шілдеде ОПЕК квотасының мамыр мен маусымдағыдай тағы да 411 000 баррельге артатынын күтіп отырмыз», – дейді Morgan Stanley компаниясының жаһандық мұнай нарығы жөніндегі стратегы Мартяйн Ратс. Оның айтуынша, квотадан асыра өндіруші елдер бұл әрекетін жалғастырып жатыр. Ал нарық артық көлемді «сіңіріп алып жатыр».
Мұнай өндірісінің артуы Қазақстан үшін де тиімді. Бұған дейін OPEC+ еліміздің мұнай көлемін азайтуына барынша ықпал еткен еді. Бірақ нәтижесіз болған сияқты. Жақында Теңіз кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» компаниясы І тоқсанда өндірісті 25%-ға арттырған.