Тоқаев Сәтқалиевтің тағы бір орынбасарын тағайындады
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің тағы бір орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, президент сәуірдің аяғында Сәтқалиевтің орынбасары етіп, Ғұмар Екпінұлы Серғазинді тағайындаған болатын.
Экс-министр жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттікке бұл қызметке наурыз айында келген еді.