Досаев Алматы әкімі лауазымынан босатылды
Жарияланды

Президент Ерболат Досаевты Алматы әкімі лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Досаевтың Алматы әкімдігінің басшылығына келгеніне 3 жылдан асқан болатын. Ол қалаға Бақытжан Сағынтаевтың орнына, 2022 жылы «Қанды қаңтар» оқиғасынан кейін келген.