Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Мәслихат депуттары Президент ұсынысымен жаңа әкімді сайлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды» делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қарсаңда
Мұның алдында Президент бұл орынтаққа үш жылдан аса отырған Ерболат Досаевты Алматы әкімі лауазымынан босатқан еді. 23 мамырда оның әкімдік қызметінен кететіні туралы ақпарат тарады. Бұған бүгін өтетін мәслихат жиналысының жариялануы түрткі болды.
Өмір жолы
1974 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1996 жылы С.С. Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын бітірген.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Келес ауданының Келес кеңшары бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған.
2010 – 2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде департамент бастығы;
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2013 -2015 жылдары – Шымкент қаласының әкімі;
2015-2017 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.
2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару ісіне атсалысты.
2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі;
2022-2025 жылдары – Түркістан облысының әкімі болып қызмет атқарды.
2025 жылы 6 қаңтар күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.