Бектенов Президенттің атынан Досаевқа алғыс, Сатыбалдыға міндеттерін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бектенов Президенттің атынан орын алмастырған шенеуніктерге пікір білдірді / фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Бектенов Президенттің атынан орын алмастырған шенеуніктерге пікір білдірді / фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бектенов Президенттің атынан Досаевқа алғыс, Сатыбалдыға міндеттерін айтты. Премьер-министр қала активімен кездесті.

Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиында Алматының дамуына қатысты жаңа мәселелер көтерілген.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ерболат Досаевқа қаланың қаржы-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғысын білдірді.

2024 жылы қаланың Қазақстанның ЖІӨ-ге қосқан үлесі 21,8%-ға дейін өсті. Мегаполисте Президенттің тапсырмасы бойынша бюджетті орталықсыздандыру, абаттандыру, жаңа әлеуметтік нысандар салу және тағы да басқа жұмыс жүргізілуде.

Олжас Бектенов кездесу кезінде Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны таныстырды.

Премьер-министр Мемлекет басшысының Алматы әкімдігінің алдына жаңа міндеттер қойды. Атап айтқанда, олар – қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және экономика құрылымын әртараптандыру. Оның ішінде инженерлік инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қоғамдық кеңістіктерді кеңейту де бар.

Сонымен қатар, жол-көлік жүйесі, экология, өңдеу өнеркәсібі, туризм, IT-сектор, креативті индустрия саласында тапсырмалар берілді.

Мұның алдында Алматы қаласының жаңа әкімі тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ оқыңыз