Түлектердің бірі сыныптасының жүрегіне шампур тығып өлтірді

Түлектердің бірі сыныптасының жүрегіне шампур тығып өлтірді. Оқиға Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған.
осылайша, мектеп бітіру кешінде сыныптастар арасындағы жанжал төбелеске ұласып, оның арты кісі өліміне әкеліп соқты.
Алматы облыстық полицияның ақпаратына қарағанда, мектеп бітіріп жатқан 11 сынып оқушысы қайтыс болған.
«»Жасөспірімнің заңды өкілдері бала тәрбиесінде өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, полиция тарапынан Білім басқармасына құзыреті шегінде шара қолдану үшін ұсыныс жолданды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға ата-аналары да көмектесіпті. «Мәңгі естерінде қалсын» деген болуы керек, кеш өтетін керемет кең үйді өздері жалдап берген көрінеді.
Полиция ақпаратына қарағанда, кеш барысында түлектер арасында кенеттен ерегіс басталған. Төбелес кезінде бір түлек марқұмның жүрек тұсына шампур сұғып алған.
Құрдасын жанжал кезінде өлтіріп алған түлек қазір қамауда отыр.
Алматы облысы полициясы жастарға құқықтық түсіндіру жұмыстары мен нашақорлықтың алдын алу шараларын өткізіп жатыр.
Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында түлектер мінген көліктер апатқа ұшырады.