LED-экрандағы анайы жарнама Астана тұрғындарының есін шығарды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Астана қаласындағы LED-экранға анайы жарнама шығып кетті / фото: shutterstock
Астана қаласындағы LED-экранға анайы жарнама шығып кетті / фото: shutterstock

Астана орталығында, Keruencity ғимаратына қарсы орналасқан картодромда, жергілікті тұрғындардың есін шығарған бейәдеп оқиға болды. Халық көп жүретін аудандағы LED-экранда анайы жарнама көрсетілді.

Тұрғындар түсірген видеороликтер әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшілік сынына ұшырады. Халық: «әкімшілік қайда қарап отыр?», «полиция неге айыппұл салмайды?» деп сұрап жатыр.

Астана полиция департаменті Kursiv.Media тілшісіне жұрттыз мазасын алған жарнаманың үлкен экранға қалай шығып кеткенін түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерді тексеру барысында LED-экрандардың бірінде анайы жарнама көрсетілгені мәлім болды. Тіркелген оқиға бойынша компания өкілдерінің қатысуымен тексеру жүргізілді. Фирма басшылының айтуынша, заң бұзушылық Wi-Fi желісін бұзып кіру арқылы жасаған», – деп түсіндірді полиция.

Осы оқиғаға қатысты материалдар жергілікті атқарушы органға жолданды. Құзырлы мекеме жарнама туралы заңнаманы бұзғандарды анықтап, оларды жауапқа тартады.

Сондай-ақ оқыңыз