Хан Кене ескерткіші Астанаға қайта қойылды

Жөндеу жұмыстарына байланысты орнынан алынған Кенесары ханның ескерткіші қайта қойылды. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин instagram парақшасында мәлім етті.
Ерлан Карин ескерткіш алынған кезде енді қайтып қойылмайтыны туралы жалған ақпарат, қате пікір тарағанын атап өтіп, шын мәнінде ескерткішке жөндеу қажет болғанын жеткізді.
«Жөндеу жұмыстарына сай, керісінше оның биіктігі ұзартатын болды. Енді міне, бүгін жөндеу жұмыстары аяқталып, ескерткіш орнына қойылды», – деді ол
Астанадағы Есіл өзенінің жағасында тұрған Кенесары ханның ескерткішін 2023 жылы орнынан алынған еді.
Кенесары ханның ескерткіші – Астанадағы Есілдің жаңалауында орын тепкен. Ескерткіштің ресми ашылуы 2001 жылдың 11 мамырында өтті. Оны мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетшісі Шота Уәлиханов жобалаған.