Air Astana мен FlyArystan Шымкент әуежайындағы рейстерін жаңа терминалға ауыстырады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Алғашқыда терминал тек SCAT компаниясына қызмет көрсеткен болатын / Фото: Ақорда

Air Astana және FlyArystan әуе компаниялары 27 мамырдан бастап Шымкент халықаралық әуежайының жаңа «А» терминалынан рейстерді жөнелтуді және қабылдауды бастайды.

Air Astana-ның жаңа терминалдағы алғашқы рейсі Доха қаласы болмақ. Ал FlyArystan-ның алғашқы рейсі —Шымкент – Алматы бағыты бойынша, сағат 14:50-де ұшады.

Айта кетейік, жаңа терминал салтанатты түрде 2024 жылғы 25 желтоқсанда ашылған болатын. Сол кезде Шымкент әкімі Ғабит Сыздыбеков бұл терминалдан алғашқы кезеңде тек SCAT әуе компаниясының рейстері ұшатынын, кейіннен басқа тасымалдаушылар да қосылатынын айтқан еді. Алғашқы бірнеше айда терминал тек SCAT компаниясына қызмет көрсетті.

Биыл сәуір айында Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентке барған уақытта бірінші кезекте қаланың жаңадан салынған әуежай терминалына ат басын бұрған болатын.

Жалпы ауданы 39 мың шаршы метрді құрайтын жаңа терминал сағатына 2000 жолаушыға қызмет көрсетуге арналған. Заманауи әуе айлағының құрылысына жеке инвестордан 24 млрд теңге қаражат тартылған.

Сондай-ақ оқыңыз