Қазақстанда 6 жаңа кәсіби мереке пайда болады

Қазақстанда бірден алты жаңа кәсіби мерекені енгізу жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұрын елеусіз қалып келген мыңдаған адамның еңбегін ресми түрде мойындауды ұсынды.
Тиісті бұйрық жобасы ресми сайтта жарияланды.
Егер бұл бастама қолдау тапса, елде мынадай кәсіби мерекелер атап өтіледі:
- 31 қаңтар – Қазақстанның кәсіпкерлері күні;
- 7 шілде – Қазақстанның қолөнершілер күні;
- 9 шілде – табиғи монополиялар саласы жұмыскерлерінің күні;
- 15 қыркүйек – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні;
- 12 қазан – кадр қызметі жұмыскерлерінінің күні;
- 20 қазан – қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскері күні.
Сонымен қатар, Энергетиктер күнін бұрынғыдай айдың үшінші жексенбісінде емес, 22 желтоқсанда атап өтуді ұсынуда. Құжат 2025 жылғы 10 маусымға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Айта кетейік, кәсіпкерлер күні әлемнің көптеген елдерінде, атап айтқанда Ресей, АҚШ, Беларусь және Украинада аталып өтіледі. Сондай-ақ, халықаралық кәсіпкерлік күні (Global Entrepreneurship Week) – жыл сайын қараша айында өткізіледі және ол көптеген елдерді қамтиды.