Шерзат ісі: басты сотталушының адвокаты судьяны ауыстыруды сұрап отыр

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Шерзат ісіндегі судьяны ауыстыруды сұрады/фото:kursiv.media

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың қазасына қатысты істе сотталушы Абзал Шынасылдың адвокаты судья Ержан Жанұзақовты ауыстыруды сұрады.

Жоғарғы соттың хабарлауынша, 28 мамырдағы сот отырысында сотталушы Шынасылдың қорғаушысы Әбенов іске төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсылық білдірді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.

Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы Беймбетов қарайды.

Сот отырысының қашан жалғасатыны қосымша хабарланады.

Айта кетейік, 28 мамырдағы сот отырысына қайғылы оқиға болған күні Нұрқанат Ғайыпбаев алған жарақатқа сараптама жүргізген сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетов шақырылды.

Сондай-ақ оқыңыз